Қазақша өлең: Тоқтарәлі Таңжарық (Құлазу)

Қазақша өлең: Тоқтарәлі Таңжарық (Құлазу)

Үнсіздік пен айқайдың арасындағы
Жалғыз аяқ соқпақ...–
ұзыннан ұзаққа шұбалған.
Бейне, ашылмаған Қиял кітабының ішіне
Бір нәзік қол жасырып,
Жалғыз тал емен жапырағындай қуарған.

Алыс сапарға шақыратын жолдар,
Қатал уақыт илеуіндегі бір түн —
Бір ғасыр!
Көз алдыңда билейді сонда
Өткенің мен Болашағыңның сұлбасы.

Немесе көктемгі бәйшешектей
Шықпай жатып солады арманыңның бүршігі.
Сосын отырасың жалғыз құлазып
Өз-өзіңнен тұншығып.

Көзіңді ашсаң да, жұмсаң да
көкірегіңе шер түнер...
Құстар ұшады қанаттарының сусылдарымен мұң аулап.
Сол ұлы құлазу қасіретінің дертінен
Менің де, сенің де, оның да жанары суалар...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
тоқтарәлі таңжарық Құлазу өлең стихи на казахском токтарали танжарык казакша олен, тоқтарәлі таңжарық өлеңдері сайты, стихи на казахском языке токтарали танжарык, токтарали танжарык олендери, Құлазу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]