Өлең: Сүйіп көрмеген адамның сөзі

Өлең: Сүйіп көрмеген адамның сөзі

Махаббат шыңы өмірдің өзі,
Көретін жалғыз көңілдің көзі.
Сезімді жалған, тұрақсыз дейтін
Сүйіп көрмеген адамның сөзі.

Ғашықтық мүлдем өзгеше әлем,
Жаныңа сая, таусылмас бар ем.
Ұнатам деген сөздерің жылы
Жүректен шықса айтылар әрең.

Менің де бүгін ғаламат жайым,
Өзімдей өзге маған-ақ дайын.
Шынайылықты жеткізу қиын
Пәктіктің ісін адал ақтайын.

Кіршіксіз көңіл ақ қардай таза,
Қара дақ таңба, берілген жаза.
Ақ түстей болсаң тыныш әлемің
Дақ түссе жанға бермейді маза.

Махаббат шыңы өмірдің өзі,
Көретін жалғыз көңілдің көзі.
Сезімді жалған, тұрақсыз дейтін
Сүйіп көрмеген адамның сөзі.

Жәнібек Салқынбек
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Махаббат, Көретін, жалғыз, көңілдің, Сезімді, жалған, тұрақсыз, дейтін, Сүйіп, көрмеген, адамның, өмірдің, Ұнатам, деген, таусылмас, Жаныңа, Ғашықтық, өзгеше, мүлдем, қардай

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]