Қазақша өлең: Бақыт Беделхан (Сен - шынар ағаш басы едің....)
Сен - шынар ағаш басы едің.
Мен - тобылғының көзі едім.
Бір кезде тіпті жас едің,
Мен ол кезде, бәлкім, жоқ едім.
Мұңсыз бақытты күндерді
Кіммен бөлісемін, дедің бе?
Тағдыр жарықтан құйып, нұр берді
Жалғыз неге ішемін дедің бе?
Көрікті қылатын көңілді,
Үміт деуші едім, тегінде.
Алғаш,
шын түсінгенде өмірді.
Көңілсіз болғаным бар менің де.
Мен - тобылғының көзі едім.
Бір кезде тіпті жас едің,
Мен ол кезде, бәлкім, жоқ едім.
Мұңсыз бақытты күндерді
Кіммен бөлісемін, дедің бе?
Тағдыр жарықтан құйып, нұр берді
Жалғыз неге ішемін дедің бе?
Көрікті қылатын көңілді,
Үміт деуші едім, тегінде.
Алғаш,
шын түсінгенде өмірді.
Көңілсіз болғаным бар менің де.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Қалқаман Сарин («Қош!» дедің неге?)
» Өлең: Тұрсынғалиды қызы Күләйдің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)
» Қазақша өлең: Гүлнар Салықбай (Жапырағың жайқалып, шақырып ең, Алматы...)
» Өлең: Мұхтар Шаханов (Бақытты бол)
» Қазақша өлең: Бақыт Беделхан (Жан иесі келмей тұрып жалғанға...)

Іздеп көріңіз: