Қазақша өлең: Бақыт Беделхан (Жан иесі келмей тұрып жалғанға...)

Қазақша өлең: Бақыт Беделхан (Жан иесі келмей тұрып жалғанға...)

Жан иесі келмей тұрып жалғанға,
Көктен саулап жұлдыз-жырлар жауғанда.
Өлі әлемге өлең арнап отырып,
Жылап-жылап алған шығар Аллам да!..

Жылап-жылап алған шығар, жас төгіп,
...Бір бір тағдыр болған шығар, тас та еріп...
Содан, бәлкім, қалған шығар, мәңгілік
Адам ата - Һауа ананы дос көріп.

...Қиялымның киік қашып қырында,
Сағым құшып қалып едім бұрын да.
Арзу айтпай аттан түсіп,
ал енді,
Қыранымды қондырайын тұғырға.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бақыт беделхан Жан иесі келмей тұрып жалғанға өлең стихи на казахском бакыт беделхан казакша олен, бақыт беделхан өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бакыт беделхан, бакыт беделхан олендери, Жан иесі келмей тұрып жалғанға

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]