Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Aтамды сагынганда....)

Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Aтамды сагынганда....)

Мен жердемін.
Ал сен ше, Көктесіңбе?!
Тарланым-ай, тентегің жоқ па есіңде?..
Жұлым-жұлым жүрегін сүйрелетіп,
Ұлың бүгін шоқ басып, от кешуде.

Естідің бе, жырымды естідің бе?!
Өмір зулап, кешегі ескіруде.
Әжем сені аспанда дейтін маған,
Қайдан білген отырып пеш түбінде.

Сондағы ұлың әр нені арман қылар,
Көп жұлдызға қараушы ем таңнан құлар.
«Е, жарықтық жақсы адам, дейтін тағы,
Көкте нұры шалқығай, Пәруардігар!»

Етек-жеңі осынау тар ғұмырда,
Көп көрген ол тағдырдың тарлығын да.
Әйтсе дағы періште, әруақ, пері,
Әжем осы білетін барлығын да.

Көктем өтті, сан мәрте жылдар аунап,
Кеткем отты жанымды жырға байлап.
Сізден маған көп ертек, аңыз қалды,
Қалды артымда қол бұлғап туған аймақ.

Сен тіріде басыма бұйырмаған,
Бір ғаламат бақ қонды биыл маған.
Аңыздағы перінің қызын көрдім
Алматыда, асқанда жиырмадан.

Сенен бақ қой бата алып енші бөлген,
Сүйінші алшы көп туыс көршілерден.
Сақалыңның бір талын тұтатайын,
Жұмағыңды қалдырып келші бермен.

2008
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қайсар қауымбек Aтамды сагынганда.... өлең стихи на казахском кайсар кауымбек казакша олен, қайсар қауымбек өлеңдері сайты, стихи на казахском языке кайсар кауымбек, кайсар кауымбек олендери, Aтамды сагынганда....

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]