Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Мен едім)

Қазақша өлең: Қайсар Қауымбек (Мен едім)

(Махамбетше)

Шалқайғанның ханымын, хақтың ғана құлымын,
Азуымды жаныдым, айға қарап ұлыдым.
Мұқағали мұңымын, Махамбеттің жырымын,
Қарағайдан тұғырым, қара таудың ұлымын.

Адалдықтың жарымын, жамандықтың жауымын,
Қара қазақ арымын, қара жерде тамырым,
Намыс оты тулатқан батырлардың қанымын,
Қасіреті мың батпан ақындардың жанымын.

Еркелетсең еркеңмін, ерге қонсам ер едім,
Кекті қолдар кезенген адырнада жебе едім.
Қиып түсіп қылыштай қылшылдаған өлеңім,
Сөзден өлген бабалар, кек алуға келемін,
Кең дүние, көзіңді аш!
Мен, мен едім, мен едім!!!

2004
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қайсар қауымбек Мен едім өлең стихи на казахском кайсар кауымбек казакша олен, қайсар қауымбек өлеңдері сайты, стихи на казахском языке кайсар кауымбек, кайсар кауымбек олендери, Мен едім

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]