Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Өмір-өзен)

Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Өмір-өзен)

Біз екеуміз бәйшешектей ерте гүлдедік,
Қол ұстасып, бақыт жырын шертеміз дедік.
Қарсы жүріп үйренсек те қар мен жаңбырға,
Бірақ қарсы тұра алмадық асау тағдырға.

Қайырмасы:
Жылдар,
Өмірдің өзенімен,
Ағады кезегімен.
Сенсің көңілі ашық,
Менің ғашық ғасырым.
Ертеде де кеште,
Тұрасың сен есте,
Мен өшсем де өшпе, асылым.

Алуан гүлдер шуақ шашты бүгін бақшамда,
Қызғанбаймын, басқа ошақтың отын жақсаң да.
Өмір мынау, бақ пен қайғы күнде жарысқан
Ақ тілекпен қол бұлғайсың әркез алыстан.

Жалғыз аққу таудан асып, қайтып барады,
Сағынышын әнге қосып айтып барады.
Сол ерке құс мұңын жалғап ерте көктемде,
Мені есіңе ал, ауылыңнан ұшып өткенде.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
стихи мухтар Өмір-өзен шаханов на казахском языке, Мұхтар Шаханов Қазақша өлең, казакша олен Мұхтар Шаханов, стихи Мұхтар Шаханов на казахском языке, мухтар шаханов казакша олен, Мұхтар Шаханов өлеңдері, мұхтар шаханов Өмір-өзен өлең стихи на казахском языке мухтар шаханов казакша олен, мұхтар шаханов өлеңдері сайты, стихи на казахском языке мухтар шаханов, мухтар шаханов казакша олендер, Өмір-өзен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]