Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Өзендер)

Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Өзендер)

Мыңбай Ілесовке

Ән туады мұраттан,
Ой туады сұрақтан,
Небір үлкен өзендер басталады бұлақтан.
Бірақ соның барлығы жете алмайды теңізге,
Жоғалтады өзді-өзін, түседі де көп ізге.
Өмір кейде тым қатал, өмір кейде тұйықтау,
Кей өзеннің жолына бөгет болды биік тау.
Небір асау, асығыс, шулы өзендер ақ тарлан,
Ағып-ағып барған да, құмға сіңіп жоқ болған.
Жолсыздық пен жөнсізді жалықты көз көруден,
Құтқар анау өзенді құмға сіңіп елуден.
Құтқар анау аққуды сол өзеннен жеруден,
Ағын судан зерігіп, шалшық суға сенуден.
Өзен болу үлкен сын,
Бақыт емес ол да аса,
Теңізге ағып баруға мүмкіндігін болмаса.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
стихи мухтар шаханов Өзендер на казахском языке, Мұхтар Шаханов Қазақша өлең, казакша олен Мұхтар Шаханов, стихи Мұхтар Шаханов на казахском языке, мухтар шаханов казакша олен, Мұхтар Шаханов өлеңдері, мұхтар шаханов өлең стихи на казахском языке мухтар шаханов казакша олен, мұхтар шаханов өлеңдері сайты, стихи на казахском языке мухтар шаханов, мухтар шаханов казакша олендер, Өзендер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]