Қазақша өлең: Қуаныш Медеубаев (Көк қағаз)

Қазақша өлең: Қуаныш Медеубаев (Көк қағаз)

Тағы да бетіңді аштым көк дәптерім,
Күйбеңін жаза берем, соқтап ненің?!
Өз жолыма адасып қайта түсем,
Өз жанымды өз арым соттап менің.

Көк дәптерім бар жиған жыр байлығым,
Күллі адамзат түбінде тыңдай ма, ұлын?
Өнерімен қымбат қой жаным мынау,
Бұл тағдырға әйтпесе сынбайды кім?!

Бұл тағдырға кім әйтсе патша еді,
Құдай деген бір абыз ақ шал еді.
Мен өнердің құдайы ар деп едім,
Тірлік бірақ құдайың Ақша деді.

Сатылған мен сатқындық жайлаған ен,
Өмірді мен ақшаға байламап ем.
Патша асқынған дертінен айыққанша,
Ақша астында қор болған, қайран әлем..!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бағашар тұрсынбайұлы Көк қағаз өлең стихи на казахском багашар турсынбайулы казакша олен, бағашар тұрсынбайұлы өлеңдері сайты, стихи на казахском языке багашар турсынбайулы, багашар турсынбайулы олендери, Көк қағаз, қуаныш медеубаев Көк қағаз өлең стихи на казахском куаныш медеубаев казакша олен, қуаныш медеубаев өлеңдері сайты, стихи на казахском языке куаныш медеубаев, куаныш медеубаев олендери

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]