Қазақша өлең: Қуаныш Медеубаев (Өлгің келгенде...)

Қазақша өлең: Қуаныш Медеубаев (Өлгің келгенде...)

(Л.М.-ға)

Шоқтай қызыл еріндерің асыға,
Нарттай қызыл раушан тақтың шашыңа,
Әлемдегі жалғыз Муза сияқты,
Әлемдегі жалғыз Ақын қасына,

Аялдадың, баяндадың мән-жайды,
Сүйер едім, іңкәр көңіл сондай-ды,
Күйер едім, өртке шалып таңдайды,
Сезім кімді алдайды?

Сен өлімге... Мен өлеңге асықтым,
Батыры кім, батылы кім, жасық кім?
Мен өзеннің өз арнасын бұра алмай,
Сен теңіздің телегейін тасыттың.

Мен өзіңе, ал сен маған ғашық па ең?
Өз шерімді жұттым күміс қасықпен.
Тамшысынан үміт күттік нөсердің,
Алшысынан түспейтұғын асықпен.

Мен де құса, сен де іңкәрсің бар ма амал?
Бәлкім біздер бірге күтер таң да бар...
Өзге кіммен бақ табармын сапарда,
Өз жолыңды сен де енді таңдап ал.

Тағдыр солай, өмір солай кембағал,
Бұл жазмышқа жаса өзің енді амал.
Тамұғымда қалам жалғыз, жалғызбын,
Жұмағыңа бара алмай сен барар.

Ұмыта алмай, өшіре алмай өткенді,
Сен де бәлкім қимай жүрсің көктемді...
Өмірімнің соңы менің көп нүкте,
Сен өмірге қоя алдың ба, леп белгі..?

Сенен жаным, еркелігің бітпесін,
Менен жаным, бақытыңды күтпеші.
Өміріңнің соғып тұрсын сағаты,
Өлеңімнің қойылғанша нүктесі.
Белгілі ғой бітпесі...
Күтпеші...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бағашар тұрсынбайұлы Өлгің келгенде өлең стихи на казахском багашар турсынбайулы казакша олен, бағашар тұрсынбайұлы өлеңдері сайты, стихи на казахском языке багашар турсынбайулы, багашар турсынбайулы олендери, Өлгің келгенде, қуаныш медеубаев Өлгің келгенде өлең стихи на казахском куаныш медеубаев казакша олен, қуаныш медеубаев өлеңдері сайты, стихи на казахском языке куаныш медеубаев, куаныш медеубаев олендери

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]