Қазақша өлең: Қуаныш Медеубаев (Соқпақ)

Қазақша өлең: Қуаныш Медеубаев (Соқпақ)

Шығыстың Ұлы Қытай қорғанындай,
Орыстың Сібірдегі орманындай,
Әр қадам басқан сайын қиындаған,
Жалғаған болашаққа жолдарымдай,
Көсіліп даңғыл жол көп жатсадағы,
Кеудеме шабыт құйып ақ самалы,
Даланың соқпағына қайта түсем,
Қаланың жүрмейтұғын патшалары.
Сол соқпақ аман сақтап сүргіндерден,
Сан белеске шығарды жүргім келген.
Ол өйткені пәк еді, ардың жолы,
Балалығым сияқты бір күн көрген.
Бақытын бұлдайтұғын бір күн берген,
Қалалық қаңғыбасқа күлгім келген,
Жолдардың торабында ғайып болған,
Әкемнің қайда екенін білгім келген,
Соқпақтың сүрлеуінде сүргін сүрген,
Қайғымды шаңға көміп, күлкім сіңген,
Өмір деген осынау соқпақ екен,
Өкінішке сыймайтын бір күрсінген..!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бағашар тұрсынбайұлы Соқпақ өлең стихи на казахском багашар турсынбайулы казакша олен, бағашар тұрсынбайұлы өлеңдері сайты, стихи на казахском языке багашар турсынбайулы, багашар турсынбайулы олендери, Соқпақ, Қуаныш Медеубаев, қуаныш медеубаев Соқпақ өлең стихи на казахском куаныш медеубаев казакша олен, қуаныш медеубаев өлеңдері сайты, стихи на казахском языке куаныш медеубаев, куаныш медеубаев олендери

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]