Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Алматым, аңсарым-ай...)
Көз ілсек түске енеді ауылымыз,
Әйтеуір басылмады жауынымыз.
Асығы алшысынан түскен қала,
Сіздің де бүтін бе екен бауырыңыз?
Алматым, аңсарым-ай, арда құсым,
Алаштың баласының арманысың.
Аспанға Алатауым қол созады,
Арманын ақындардың жалғау үшін.
Сыйғызар сағынышын сайын дала,
Әуені сұранатын қайырмаға.
Жәннаты жұмыр жердің бетіндегі
Алматы – шәрбат қала, шайыр қала.
Мен де еккем гүл мекенге дара шыбық,
Шабыттың шалқұйрығын таң асырып.
Бұл қала самғар болсаң қанат байлап,
Жіберер Алатаудан әрі асырып.
Көктемін, сосын жомарт күзін көрем,
Секілді үзік ойлар, үзінді өлең.
Мен сенен Мұхтар, Қасым, Мұқағали
Бастаған ұлылардың ізін көрем.
Жерұйық Жетісуда жетілгенмен,
Бұл тірлік сыртын берген, бетін берген.
Жанымның жанарының жасын сүртер
Бұлттары шәйі орамал секілденген.
Сыйлайтын бойға қуат, жанға жалын,
Армандай аяулы екен арналарың.
Етегін Көктөбенің көктем түрсе,
Аралап кетер едім алма бағын.
Самалы сарнап ескен сардаладан,
Жаныңа жақсылықты жалғап ағам.
Алматы – арна қалам, алма қалам,
Ақын ба саған өлең арнамаған?
Жаныма жыр сыйлайды отты лебің,
Көктөбе, көк тіреген тектім едің!
Асығы алшысынан түскен қала,
Бауырың бүтін болсын деп тіледім.
Әйтеуір басылмады жауынымыз.
Асығы алшысынан түскен қала,
Сіздің де бүтін бе екен бауырыңыз?
Алматым, аңсарым-ай, арда құсым,
Алаштың баласының арманысың.
Аспанға Алатауым қол созады,
Арманын ақындардың жалғау үшін.
Сыйғызар сағынышын сайын дала,
Әуені сұранатын қайырмаға.
Жәннаты жұмыр жердің бетіндегі
Алматы – шәрбат қала, шайыр қала.
Мен де еккем гүл мекенге дара шыбық,
Шабыттың шалқұйрығын таң асырып.
Бұл қала самғар болсаң қанат байлап,
Жіберер Алатаудан әрі асырып.
Көктемін, сосын жомарт күзін көрем,
Секілді үзік ойлар, үзінді өлең.
Мен сенен Мұхтар, Қасым, Мұқағали
Бастаған ұлылардың ізін көрем.
Жерұйық Жетісуда жетілгенмен,
Бұл тірлік сыртын берген, бетін берген.
Жанымның жанарының жасын сүртер
Бұлттары шәйі орамал секілденген.
Сыйлайтын бойға қуат, жанға жалын,
Армандай аяулы екен арналарың.
Етегін Көктөбенің көктем түрсе,
Аралап кетер едім алма бағын.
Самалы сарнап ескен сардаладан,
Жаныңа жақсылықты жалғап ағам.
Алматы – арна қалам, алма қалам,
Ақын ба саған өлең арнамаған?
Жаныма жыр сыйлайды отты лебің,
Көктөбе, көк тіреген тектім едің!
Асығы алшысынан түскен қала,
Бауырың бүтін болсын деп тіледім.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: