Қазақша өлең: Мергүл Асылханова (Мақпал мұң. . .)

Қазақша өлең: Мергүл Асылханова (Мақпал мұң. . .)

Мақпал ақын, Мақпал сəуле, Мақпал мұң,
Мақпал мұңға құпиямды ақтардым.
Құйып алып жүректегі нұрыңнан,
Келді білем уысымда ап қалғым.

Дидарыма жап жарық боп түсіп Күн,
Шөлдеппін де кəусарыңнан ішіппін.
Жанарыңнан төгілгенде мейірім,
Тұрған мені жып жылы бір құшып мұң.

Аспан ару, аспан əуен, əридай!
Пенделер көп, адамдар аз фəниде ай.
Кеткеніңде көкке ұшып қалықтап, Өлең болғым келіп кетті Дариға ай!

Мөлдір шығы ағып түсіп ақ таңның,
Ессіздіктен ес жия алмай жатқанмын.
Көгершінін көкірегіме қондырып,
Сүйіп тұрды маңдайымнан Мақпал мұң. . .

Сүйіп тұрды маңдайымнан Мақпал мұң. . .
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақпал мыса Мақпал мұң. . . өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Мақпал мұң. . ., Мергүл Асылханова

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]