Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Жанымның жарықтары....)
Жанымның жарықтары,
Құс болып қалықтады.
Аяулы арманымды
Қай жаққа бағыттады?
Лаулаған жан отым ба,
Сағыныш санатында.
Ақ ұлпа аңсарым-ай,
Қаздардың қанатында.
Тербеген тәтті мұңды,
Айдында аққуымды,
Көтерген бақ туымды,
Жаным менің!
Көңілдің кемесіндей,
Өмірдің белесіндей,
Ертегі елесіндей,
Сағым ба едің?
Сағынсам шара бар ма,
Сарғайып саналарда.
Қаздардың қанатымен,
Сол кезім оралар ма?
Жанымның шырақтары,
Мөп-мөлдір бұлақтары.
Қош айтып кеткенің бе,
Жылдар-ай жырақтағы?...
Құс болып қалықтады.
Аяулы арманымды
Қай жаққа бағыттады?
Лаулаған жан отым ба,
Сағыныш санатында.
Ақ ұлпа аңсарым-ай,
Қаздардың қанатында.
Тербеген тәтті мұңды,
Айдында аққуымды,
Көтерген бақ туымды,
Жаным менің!
Көңілдің кемесіндей,
Өмірдің белесіндей,
Ертегі елесіндей,
Сағым ба едің?
Сағынсам шара бар ма,
Сарғайып саналарда.
Қаздардың қанатымен,
Сол кезім оралар ма?
Жанымның шырақтары,
Мөп-мөлдір бұлақтары.
Қош айтып кеткенің бе,
Жылдар-ай жырақтағы?...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: