Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Аспантауға асылар ақ таң келіп....)

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Аспантауға асылар ақ таң келіп....)

Аспантауға асылар ақ таң келіп,
Мына түнді мап-мамық мақпал делік.
Құснижырым өзіңе ұшқан қашан,
Ақ қанатын сабыла қаққан керіп.

Маусым әуен...
кездерім жанатын да,
Содан бері қаншама таң атуда.
Ақша бұлттар, аманат өздеріңе,
Ақ сезімім сол құстың қанатында.

Ымырттан соң ататын жаздың таңы-ай,
Қанатымды көгіңде жаздым талай.
Арайлысы айдынның әппақ өлең
Ақыныңның арманын аздырмағай!

Жаздың таңы жадырап белден асқан,
Мен сұлулық көрмедім көлден асқан.
Көктеменің көгіндей көгілдір маң
Көктем болып көрінді-ау сендегі аспан.

Мақпал түнде мамық жыр жастай қалып,
Ұшам шіркін...
арманға бастай ма анық?
Көл бетінде қалқимын содан кейін,
Сырғып түсем бір тамшы жасқа айналып...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақпал мыса Аспантауға асылар ақ таң келіп өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Аспантауға асылар ақ таң келіп

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]