Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Маусым кеші....)

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Маусым кеші....)

Маусым кеші,
мазасыздау бұл маусым,
Аңсарыңыз мейір толы жырға аусын.
Аққуларым ақ сағымда адасып,
Ақша бұлттар арасында жүр даусым.

Жастығымның жалт еткенде жанары,
Құралайдың лағындаймын жаралы.
Жер бетінде жалғызсырап мен қалдым,
Көл бетінде көктем қалып барады...

Сәуір кетті,
мамыр кетті,
не дейін,
Ерке күннің елесіне ерейін.
Көкөрімін көгертуге көгімнің
Өлеңімнің бұрымдарын өрейін.

Жаһұт-жауһар жаумаса да төбемнен,
Өміріме өрнек салдым өлеңмен.
Көз алдымнан көгілдір тау көрем мен,
Көкжиегі көктем болып көгерген.

Сол маусыммен ұнатамын жазды мен,
Айдынымды аялайтын азды-кем.
Елесіңмен ғұмыр кешіп келемін,
Сағыныш боп саздан ұшты наз кілең...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақпал мыса Маусым кеші өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Маусым кеші

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]