Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Күзгі қала...)
Кейде мені батырып дала мұңға,
Жалқын сәуле ойнайды жанарымда.
Менің жастық ғұмырым барады өтіп,
Оқылмаған кітаптың парағында.
Табыла ма,
білмеймін іздегенім,
Қабағынан күндердің сыз көремін.
Қара жауын құйып тұр кеше,
...бүгін
Көктемнен соң ұқтырып күз келерін...
Үлгердім бе көп іске,
Үлгермедім,
Барқыт белдің термедім бүлдіргенін.
Ақ пен қара айтысы секілденген
Өмір деген осы екен бір білгенім...
Ғайбаттасақ батармыз біз күнәға,
Күрсінетін секілді күзгі қала.
Дүрмегі көп дүрбелең дүниеде
Жаным менің іздейді Сізді ғана...
Жалқын сәуле ойнайды жанарымда.
Менің жастық ғұмырым барады өтіп,
Оқылмаған кітаптың парағында.
Табыла ма,
білмеймін іздегенім,
Қабағынан күндердің сыз көремін.
Қара жауын құйып тұр кеше,
...бүгін
Көктемнен соң ұқтырып күз келерін...
Үлгердім бе көп іске,
Үлгермедім,
Барқыт белдің термедім бүлдіргенін.
Ақ пен қара айтысы секілденген
Өмір деген осы екен бір білгенім...
Ғайбаттасақ батармыз біз күнәға,
Күрсінетін секілді күзгі қала.
Дүрмегі көп дүрбелең дүниеде
Жаным менің іздейді Сізді ғана...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: