Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Қарлығашым, келдің бе?)

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Қарлығашым, келдің бе?)

Мұқағали Мақатаевқа

Туған жердің жауынын, дауылын алып,
Таудай талап берген соң тау ұлына анық.
Қарлығаш жыр ұшқанда Қарасаздан,
Қайран қазақ байтағын бауырына алып.

Сұрады елі бар ма деп бір дерегі,
Сол бір құстың қанатын жыр кереді.
Мұзарт шыңға байланған мәңгілікке,
Мұқағали ақынның мұңды өлеңі.

Кеңістікті өзіне жұптап алып.
Ұлылықтың қадірін ұққан анық,
Жетті бүгін жеріне киелі құс,
Шәлкөденің шалғынын шыққа малып.

Жазда келіп осы елге күзде келіп,
Ізіңізден ізгілік іздеп едік.
Махаңдардың сарқыты сіз болғанда,
Мұқаңдардың сарқыты біз деп едік.

Қанатымен қарлығаш төрлетті өлең,
Сезіміңе, ағатай, шөлдеп келем.
Қарасаз қарашалғын той бастайды,
"Жазира, жасыл кілем өрнектеген"

Ағасы, сені іздедік таң атқаннан,
Асқарлардан, апайтөс алаптардан.
Мұқағали дегенің муза еліне,
Қанат байлап самғаған қанатты арман.

Қара өлеңге ғашық боп қарындасың,
Орамалын желпиді сағынғасын.
Хантәңірдің шомылып киесіне,
Қарасазға келдің бе, қарлығашым?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақпал мыса Қарлығашым келдің бе өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Қарлығашым келдің бе, мақпал мыса Мұқағали Мақатаевқа өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, Мұқағали Мақатаевқа

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]