Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Сәуле)

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Сәуле)

Екіндіде сүйгенде сырғамды нұр,
Сол бір күйден жанымда тұнған дүбір.
Бақытымның бұрымын өзім өріп,
Жасап алған бір қызбын жырдан ғұмыр.

Жұлдызымның жанары айдан ап нұр,
Көк жүзінде жымыңдап жайнамақ кіл.
Ақ дүниенің шомылып арайына,
Аққуларым айдынды аймалап тұр...

Әуеніңе қосылып әу деген ем,
Өтсе-дағы кей күндер әуременен.
Үмітімнің үкісін үлпілдетіп,
Өлеңімді өрейін сәулеменен...

Сәулеменен өргенде осы өлеңді,
Көз алдымнан күрең күн көше берді.
Ақ, қарасын тірліктің алмастырған,
Көгертсе екен осы өмір көсегемді.

Екіндіде сүйгенде сырғамды нұр,
Сол бір күйден жанымда тұнған дүбір.
Бақытымның бұрымын өзім өріп,
Жасап алған бір қызбын жырдан ғұмыр.

Соонау...
көкте бермейді жұлдыз өңін,
Сол жұлдызбен түн сайын бір жүземін.
... Тұнған дүбір...
күй болып кеудесіне
Жырдан ғұмыр жасаған бір қыз едім.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақпал мыса Сәуле өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Сәуле

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]