Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Қыз бұрымы)
![Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Қыз бұрымы)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2016-05/1462542860_vnhfhpumucm.jpg)
Жырымнан ізде даралық,
Көктегі күн боп көрінген.
Қыз бұрымындай таранып,
Қыз бұрымындай өрілген.
Сезімім менің ол ыстық,
Сыңғыры аумас шолпыдан.
Қыз бұрымындай толықсып,
Қыз бұрымындай толқыған.
Жырымның жанса жанары,
Жан-дүниемнің әлемі.
Қыз бұрымындай салалы,
Қыз бұрымындай әдемі.
Күндер де зулап барады,
Көктегі күндей көңілім.
Үйлесім тапса жарады –
Қыз бұрымындай өмірім!
Көктегі күн боп көрінген.
Қыз бұрымындай таранып,
Қыз бұрымындай өрілген.
Сезімім менің ол ыстық,
Сыңғыры аумас шолпыдан.
Қыз бұрымындай толықсып,
Қыз бұрымындай толқыған.
Жырымның жанса жанары,
Жан-дүниемнің әлемі.
Қыз бұрымындай салалы,
Қыз бұрымындай әдемі.
Күндер де зулап барады,
Көктегі күндей көңілім.
Үйлесім тапса жарады –
Қыз бұрымындай өмірім!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: