Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Түнгі этюд)

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Түнгі этюд)

Мынау сыры бөлек түн,
Ғашықтардың мекені.
Жапырағы теректің
Сыбыр сыбыр етеді.

Аспантауды аймалап,
Самал есті жай ғана.
Төбемізден ай қарап,
Мүлгіп тұрды айнала.

Тау өзені арқырап,
Түн түндігін түреді.
Жұлдыз біткен жарқырап,
Қайнарбұлақ күледі.

Қайтқан кез бұл жыл құсы,
Тырна біткен тыраулап.
Ат үстінде жылқышы
Түннен дыбыс жүр аулап.

Жайлауды аңсап бар ауыл,
Асығады жазына.
Ойға қояр қарауыл,
Түн дегенің – қазына.

Жаным нұрға шөлдейді,
Іздегендей бұлбұл бақ.
Көңілімді тербейді
Тылсымы көп түнгі ырғақ.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақпал мыса Түнгі этюд өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Түнгі этюд

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]