Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Түс)

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Түс)

Армандар,
ей армандар!
... арсың аппақ
Сол аппақ құс ұшатын тау шың аңсап.
Кеудеме кіріп өлең оқып отыр,
О ғажап!
Сенің қоңыр даусыңа сап.

Тағдырын талайымның дүркіретіп,
Жанарға жаңбырларын күркіретіп.
Дәл сендей оқиды өлең мына аппақ құс
Кішкентай көкірегінен жыр түлетіп.

Көп ойлап жатқанымда сені ішімнен,
Түс кіргенін қарашы тегі сыймен.
Көктен түскен бұл қай құс деп оянсам,
Өз жүрегім екен ғой Сені сүйген...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақпал мыса өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Түс, Түс туралы олен тус туралы өлең

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]