Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Қайнарбұлақ басындағы қарағай…)

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Қайнарбұлақ басындағы қарағай…)

Көктем туса көп іздейтін қыр гүлін,
Менің мұңым түсінгенге нұрлы мұң.
Айдыныма ай жүздірген сәттерде,
Жанарыңның жарығына сүңгідім.

Тауқызы едім бақыты шың, бағы арай,
Еңсені езер еңістерге қарамай
Сайдан құлап аққан жылға не дейді,
Қайнарбұлақ басындағы қарағай?

Мұнартаудың етегінде мұңлы ырғақ,
Шолпан туар шолпысымен түнді ұрлап.
Аспантауға асылатын секілді,
Жұлдыздардың сырғалары сыңғырлап.

Жұлдыздарға сен де, мен де жақынбыз,
Жарығынан жаһұт теріп жатырмыз.
Қайнарбұлақ басындағы қарағай,
Аспантаудың етегінде ақын қыз.

Ай да жалғыз, мен де жалғыз, ол жалғыз,
Жалғыздықтың жырын талай толғармыз.
Қайнарбұлақ… қарағайдың қасында –
Қарашығы қараөлеңге толған қыз.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақпал мыса Қайнарбұлақ басындағы қарағай… өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Қайнарбұлақ басындағы қарағай…

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]