Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Аққу арман...)

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Аққу арман...)

Екіндіге таянып түс бекінді,
Жаным менің сол сұлу құс секілді.
Керуені күндердің өмір емес,
Ұйқтап жатып көретін түс секілді.

Көгім, күнім, мәңгілік көзімдесің,
Көктем барда көңілім көз ілмесін.
Қанаттылар тобымен ұшқым келді,
Өзімді де қанатты сезінгесін.

Керуен уақыт, несіне асықтырдың,
Торықтырма, тағдырым,
тасып тұрмын.
Ақ дүниенің арайы – аңсағаным,
Мені мәңгі өзіңе ғашық қылдың.

Ырғағына аққудың іштен құмар,
Түсінетін жан болса түстен де ұғар...
Аққу тектес ғұмырым ақ дүниенің
Қанатынан сусылдап түскен жырлар.

Бәлки мұным болар-ау жайт сенбеген,
Жұмбағын шешер болсаң,
айт, сен, көкем.
Айдынымды аялар армандар көп,
Дәриға-ай,
қайтсем екен,
қайтсем екен?!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақпал мыса Аққу арман... өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Аққу арман..., арман туралы олен өлең

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]