Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Менің құсым)

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Менің құсым)

Көңіліңді көгертер күздегі алаң,
Ізгі нұрды көктемнен іздер адам.
Біздер әман сапарлас болмасақ та,
Мен де сізге асығам, сіз де маған…

Көңілдердің бола ма хошы кілең,
Бақытымнан демейін кешігіп ем.
Өрекпіген жүрекке өлең сыйлар,
Өмір деген, жарқыным, осы білем.

Осы шығар, жарығым, өмір деген,
Сізді ойлап күрсінем, көңілденем…
Мен – шағала шалқыған айдыны бар,
Сен – әппақ құс қалқыған көгінде өлең.

Ақ сәуленің түсінер тәттілігін,
Арай сүйген өлкенің ақ гүлімін.
Ақша бұлтын аялап, ақ шабытын,
Менің құсым қанатын қақты бүгін.

О тағдырым, бастағы жайды анықта,
Күн күлімде, төбемде Ай қалықта!
Сенің құсың қанатын бұлтқа малды,
Менің құсым ұшады қай бағытқа?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақпал мыса Менің құсым өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Менің құсым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]