Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Аспантаудың көктемі)

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Аспантаудың көктемі)

Сайран кеткен коңілден,
Сауық кеткен,
Откіншілеу бір нөсер жауып кеткен.
Асқарымнан жүргенде арман сұрап,
Аспантаудан бір коктем ауып кеткен.

Шашқан шақта шашуын аспан нұрдан,
Жанарымды жасыны жасқандырған.
Күзгі ырғақтың жүргенде жетегінде,
Біздің жақтың көктемі асқан қырдан...

Толқыныңда шалқыған шағала едік,
Жанарыңнан жас болып тамар едік.
Аспантаудың көктемі,
қайда тарттың,
Тірлік біткен барады саған еріп?

Соонау...
Көктің бұлғаған орамалы,
Көз ұшына сағым боп оралады.
Аспантаудан барады көктем ауып,
Арман ұшып барады одан ары...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақпал мыса Аспантаудың көктемі өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Аспантаудың көктемі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]