Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Күзгі әуендер)

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Күзгі әуендер)

Қаздар қайтып барады түстігіне,
Өлеңіммен саз қостым құс тіліне.
Сары күзде сарғайтқан жапырақты
Мендік жалқы жүректің ыстығы де,
Қаздар қайтып барады түстігіне…
Тәңіртаудың талықсып таңғы етегі,
Жабырқаған жанымды жарлы етеді.
Саздар ұшқан айдыннан қаздар ұшса,
Оның-дағы сағынар бар мекені,
Тәңіртаудың талықсып таңғы етегі…
Қара таппай тұратын ұрынарға,
Бұл тағдырдың беймәлім сыры бар ма?
Көз алдымда көлбеңдеп тұрып алма,
Бақыт деген сыймайды алақанға,
Уақыт деген ұқсайды зымыранға.
…Тәңіртауға қарасам күнес көрдім,
Етегінде шалғынмен бір өскенмін.
Қайтқан қаздың барады қанатында
Сағынышым сағымға ілескен күн.
Тәңіртауға қарасам күнес көрдім…


Осы күздің боларын
Өткенде білдім,
Көктемде білдім, жан құрбым.
Мен онда көкбелде тұрдым,
Өткелде тұрдым,
Жазуы шығар тағдырдың…
Мен онда
Бұлақтың көзінен жыр оқып,
Тау етегіне гүл ектім.
Күмбір көңілдің күйін түлетіп,
Қалауы шығар жүректің.
Жасылым көшсе – ішім бос,
Қырларым қайда гүлдеген?
Көктемнің сырын түсінбес –
Күздің боларын білмеген…


Күзім менің,
Сарғайған сағымдардың ізінде мұң.
Сабағынан жапырақ үзілгенін,
Тырналардың мен көрдім тізілгенін.
…Күзім менің!
Сенбі күні,
Тағдырым өзі айтады ендігіні,
Жанымның күй тартады шерлі мұңы.
Қараша, желтоқсанның желді күні…
Төбемдегі Ай,
Қарайлай қоймайтындай төмен қарай.
Өзекті жарып шыққан өлеңде арай,
Білмеймін келем қалай?
Далада күз,
Біздерден де бір күні қалады аңыз.
Сағынышқа айналар самаламыз,
Сенен жақын жанына таба ма қыз —
Сары ала күз?..
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мақпал мыса Күзгі әуендер өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Күзгі әуендер, күз туралы өлең куз туралы олен стих

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]