Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Таңғы шық)

Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Таңғы шық)

Түнгі бұлттар жауынын бүркіді де,
Кер даланың шық қонды кірпігіне.
Шоқ гүлдердің жанары тұр жәудіреп,
Алып ұшқан сезімін іркіді не?!

Тиын көз, таңғы шықтай мөлдіреген,
Мысалы, қарашықтай көл бір өлең.
Мөлтілдеп түннің жасы жерге сіңер,
Қылмастан қағып түскен желді де елең.

Жұпар исін аңқытып жаздағы өңір,
Аңқаңды ашып салады сазға небір.
Мөлдір шықтар болмысын сақтап өтер,
Маңдайына жазса да аз ғана өмір.

Мөлдір ойлар тізілді парағыма,
Көшірмесі дәл оның дала мына.
Таңғы шықтар жымыңдар жұлдыздардай,
Кеңістікті сыйдырып жанарына!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бауыржан әліқожа Таңғы шық өлең стихи на казахском языке бауыржан алкожа казакша олен, бауыржан әліқожа өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бауыржан алкожа, бауыржан алкожа казакша олендер, Таңғы шық

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]