Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Аспан)

Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Аспан)

Айналдырып тауларды баспалдаққа,
Шақырардай сол әлем дос болмаққа.
Жүргеніммен жер басып ісім болмай,
Неге елеңдей беремін аспан жаққа?!

Хабар беріп қалардай бір шындықтан,
Зеңгір Көкке қараймын тылсым бұққан.
Жұмбағы мол дүние жымыңдайды,
Жүректегі беймаза дүрсілді ұққан.

Айтатындай сырларын ақтарып бар,
Іркес- тіркес жүзеді мақта бұлттар.
Аспан кейде ғаламды ақпен бояп,
Қанатынан төгеді шаттанып қар.

Бала шақта жетелеп өрге мұрат,
Сермегенмен құлашты кеңге бірақ,-
Шатырласа назағай шошушы едім,
Кететіндей қара аспан жерге құлап.

Жарық берер сәулелі нұрланып күн,
Ай, жұлдызын сонан соң тұр жағып түн.
От пенен шам бұлардың көшірмесі,
Бәрі сенде екен- ау шын жарықтың.

Заңғарлықты паңдықпен тұғыр еттің,
Құйды нөсер... бірі ме ең мұңы көптің?!
Аспан, неге жылайсың ағыл -тегіл,
Бола тұра мекені құдіреттің?

Күмбірлеген кеудеңе саз ба сіңген,
Үйлесімің барында тозбас іргең.
Жағал- жағал осынау тіршілікті,
Тазалайын дедің бе көз жасыңмен?!...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бауыржан әліқожа Аспан өлең стихи на казахском языке бауыржан алкожа казакша олен, бауыржан әліқожа өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бауыржан алкожа, бауыржан алкожа казакша олендер, Аспан, Аспан туралы өлең олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]