Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Краков. Висла жағасы...)

Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Краков. Висла жағасы...)

Краковта жауып тұр қар қылаулап,
Аппақ түске боялмақ барлық аумақ.
Бар сұлулық Висла өзенінде,
Тарануда топ аққу жанды баурап.
Көріністен тұр көңіл өлең аулап,
Сыр бермейді мүлгіген керенау бақ.
От шашады мүсіні айдаһардың,
Дегендейін жүріңдер менен аулақ.
Самарқаулық біздерге танытпастан,
Иба, ізет бойына қалыптасқан, -
Кең жүректі польяктың екі қызы,
Жол көрсетіп келеді жалықпастан.
Жаңа достар салып жүр бар ынтасын,
(Әлі талай екі қыз сағынтасың...)
Біздің елге келіңдер, айналайын,
Сол құрметтің көріңдер қарымтасын.
...Толқып тұрмыз Висла жағасында,
Небір сұлу құстардың бәрі осында.
Жауған ақ қар, аққулар, екі қыздың,
Байланыс бар ұққанға арасында.
Жалғасындай жайдары есті ананың,
Түсірмеді сылқымдар еш қабағын.
Ең әдемі сәттерім жан тербетсе,
Ең әуелі сендерді еске аламын.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бауыржан әліқожа Краков. Висла жағасы... өлең стихи на казахском языке бауыржан алкожа казакша олен, бауыржан әліқожа өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бауыржан алкожа, бауыржан алкожа казакша олендер, Краков. Висла жағасы...

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]