Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Бала бейне)
Шым шаһары... Көктемнің кеші балғын,
Сол сәттерді оңаша есіме алдым.
Жымиғанда көрініп қос шұғанақ,
Жүрегімнің төріне көшіп алдың.
Сыңғыр-сыңғыр...бал күлкің, даусың қандай,
Көрген жанның тағаты таусылғандай.
Үздіктірер үр дидар, үзбебел қыз,
Талшын мінез, аққу өң, аршын маңдай.
Қылығында жоқ, қалқам жасандылық,
Тұнығыңда тұрады қашан да үміт.
Аласың-ау құрықтап жаныққанда,
Танытқанда жігіттік асау қылық.
...Басын сүйеп денеме бала бейне,
Жан-жүйемді түсірді дара күйге.
Сені көрсе үй болып кетер ме еді?!
Жалғыз өткен ғұлама Фараби де.
Мұң тұнғанын көрмедім қабағыңа,
Көзім тоймай қараймын жамалыңа.
Сыймай жүрген далаға қайран кеудем,
Қалай ғана сыйып тұр жанарыңа?!
Тұрғаныңда көктемдей сәніңе еніп,
Пісіп тұрған уылжып тәнің өрік.
Жанарыңмен жалт етіп қарашы, еркем,
Өз-өзімді қалайын тағы көріп!
Сол сәттерді оңаша есіме алдым.
Жымиғанда көрініп қос шұғанақ,
Жүрегімнің төріне көшіп алдың.
Сыңғыр-сыңғыр...бал күлкің, даусың қандай,
Көрген жанның тағаты таусылғандай.
Үздіктірер үр дидар, үзбебел қыз,
Талшын мінез, аққу өң, аршын маңдай.
Қылығында жоқ, қалқам жасандылық,
Тұнығыңда тұрады қашан да үміт.
Аласың-ау құрықтап жаныққанда,
Танытқанда жігіттік асау қылық.
...Басын сүйеп денеме бала бейне,
Жан-жүйемді түсірді дара күйге.
Сені көрсе үй болып кетер ме еді?!
Жалғыз өткен ғұлама Фараби де.
Мұң тұнғанын көрмедім қабағыңа,
Көзім тоймай қараймын жамалыңа.
Сыймай жүрген далаға қайран кеудем,
Қалай ғана сыйып тұр жанарыңа?!
Тұрғаныңда көктемдей сәніңе еніп,
Пісіп тұрған уылжып тәнің өрік.
Жанарыңмен жалт етіп қарашы, еркем,
Өз-өзімді қалайын тағы көріп!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: