Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Ақ қар сезім...)

Қазақша өлең: Бауыржан Әліқожа (Ақ қар сезім...)

Мен өзіңнен таппағандай миятты,
Алқалы аспан жұлдыздары жиі ақты...
Алматыға бүгін қалың қар түсті,
Саған деген ақ сезімім сияқты!

Қардай аппақ, қардай суық, Айнам-ау,
Өзегімді өртеп жатыр қайғы алау.
Көзі күлген періштеге тән бе еді?!
Сезімінен, өз үнінен тайғанау...

Махаббатым сол кіршіксіз ақ қардай,
Соқыр жанның табанына тапталды-ай.
Кірлегесін құдіретіңнен не қалмақ,
Бу боп ұшып еріп кетші дақ болмай.

Жанарыңнан қыс ызғарын, мұң көріп,
Шаттығым да, бақ, нұрым да тұр кеміп.
Улайды енді жанымызды ауыртып,
Қурайды енді жүрген шақтар гүлденіп.

Жүрегіміз соққанменен «Өмір!!!»-деп,
Біз тағдырға арта аламыз не міндет.
Алматыға бүгін қалың қар түсті,
Саған деген сезімімді кебіндеп!!!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
бауыржан әліқожа Ақ қар сезім... өлең стихи на казахском языке бауыржан алкожа казакша олен, бауыржан әліқожа өлеңдері сайты, стихи на казахском языке бауыржан алкожа, бауыржан алкожа казакша олендер, Ақ қар сезім...

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]