Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Құл)

Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Құл)

Әуелден біздің уланған санамыз мына,
Ақшаның құлы – біздерміз, алакөзденіп,
Алламызды да сатамыз, анамызды да.

Жолдан жаңылып, болмадық жақсының ұлы,
Нәлеттер менен жәлептер бас қосатұғын,
Найқала басқан біздерміз – нәпсінің құлы.

Ешкімге жағар түрі жоқ бұл мінез, білем,
Батпаққа батып жатсақ та бақыр асаған,
Дүниенің құлы біздерміз – дүмбілез кілең.

Адамың түгіл жетпейтін ақшаның күші,
Сарсаңға салған талайды сақылдап күліп,
Сайтанның құлы – біздерміз сап-сары түсі.

Пенденің мысы мінез бен құлық қана ма?
Бірінен асса біріне айдап салатын,
Адамның құлы – біздерміз Рухтан ада!

Әп сәтте бола салатын айтқаны әзір,
Біреуге ғана құл едік, Ол өлді дағы,
Мың бодан бізді бұғаулап тастады қазір.

Біріне бірі бәлсініп, үркіп қараған,
Азаттық алдық десе де адамдар әлі,
Арыла алмай келеді құлдық санадан.

Пенденің бәрі қуып жүр осылай елес,
Екі дүниенің бақытын нәсіп етсе де,
Алланың құлы болуға асығар емес.

Мінез

Адамзаттың таусылған ба құмары,
Болған емес бір мінезде тұрағы.
Менің өзім бетпақтанып кей кезде,
Беттен алып ұрысқым кеп тұрады.

Әр күнімді жүрмін міне парақтап,
Дейтін анам «аяғыңды санап бақ».
Салмақтырақ көрінгенмен кетеді-ай,
Қызғаныштың қызыл иті жалақтап.

Тапсам деймін бір бағытта тек тұрақ,
Түніменен мазамды алар көп сұрақ.
Тегі қымбат өлең жазып жүрсем де,
Кейде арзан өсек айтқым кеп тұрад.

Жүрем кейде көше кезіп сенделіп,
Түнде отырам есті сөзбен «емделіп».
Алла мені адам қылып жаратса,
Өмір мынау жіберіпті пенде қып.

Атақ қуып сыймай кетем өлкеге,
Долданатын кездерім көп жер тебе.
Ақындығым аламанда алдырмас,
Әйелдігім – ол өзінше бір төбе.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
асылзат арыстанбек Құл стихи на казахском өлең олен казакша, асылзат арыстанбек өлеңдері, асылзат арыстанбек стихи на казахском, асылзат арыстанбек олен казакша, Құл

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]