Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Тәуелсіздік)

Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Тәуелсіздік)

О, біздің Тәуелсіздік, қасіретті,
Қаншама қайғы-мұңды басып өтті.
Жырлай-жырлай ақынның сөзі тынды,
Жылай-жылай жалғыздың жасы кепті.

О, біздің Тәуелсіздік, нала білем,
Жұртыңның жүрегінде жара кілең.
Кедейлер көшеде жүр тыр жалаңаш,
Кербездің бөстегі де – лала кілем.

Шендінің шаңырақтай бөріктері,
Шайырлар жырлайды екен біліп нені?
Кедейдің күлшесінен май сығады,
Көшеде кіл шетелдің көліктері.

Халықтың тірі жүрген жаны – байлық,
Базардың нарығынан жарымай түк.
Бейнетіңді еш қылып Үкімет те,
Зейнетақы шашады тарыдай ғып.

О, біздің Тәуелсіздік, зары – көктен,
Өзіңді жырлап ақын жағы кепкен.
Елінде қаңғыбастың күйін кешкен,
Қазақтың қалың еді соры неткен?!

Қазақтың қалың еді соры қандай,
Осылай өтер ме екен бағы жанбай.
Күйліккен кедейлердің қанын сорып,
Биліктің бара жатыр ары қалмай.

О, біздің Тәуелсіздік, сағымдайсың,
Білмеймін бағым қайсы, сорым қайсы?
Жеміңді мына жұртқа теңдемейсің,
Жемқордан не өзің де арылмайсың.

О, біздің Тәуелсіздік тәу етерлік,
Бір сойқан бастайын ба тәуекел қып.
Рухыңды оятар өлең жазсам,
Қаламды қан сорпа ғып, қара тер ғып.

О, біздің Тәуелсіздік, қасіретті,
Қазақтың жылай-жылай жасы кепті.
Қашан да қайғыратын қара халық,
Биліктің оған тіпті несі кетті?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
асылзат арыстанбек Тәуелсіздік стихи на казахском өлең олен казакша, асылзат арыстанбек өлеңдері, асылзат арыстанбек стихи на казахском, асылзат арыстанбек олен казакша, Тәуелсіздік, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні өлеңдер, 16 желтоксан тауелсиздик куни олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]