Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Жүрсін ЕРМАНША)

Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Жүрсін ЕРМАНША)

Ендікте, мейлі, жер-көкте,
Ерліктің мәні - еркекте.
Жатып-ақ батыр атанар,
Жаялық пенен жөргекте.

Еркексіз қараң күніміз,
Еркекпен ғана іріміз.
Бөрікпен қағып алмаса,
Басылмас еді жынымыз.

Түсініп, бабын таппасаң,
Түсесің су мен отқа сан.
Екі дүниеде оңбайсың,
Еркекке егер жақпасаң.

Ұғына білсең, ұрыспай,
Жігіттің жаны - тыныш жай.
Ешқашан екі сөйлемес,
Еркектің тілі қылыштай.

Санына ешкім жетпеген,
Еркектер бізде көп демен.
Әйелде ешбір қадір жоқ,
Еркектер сүйіп, өппеген.

Елімнің солар өсімі,
Базары менен несібі.
Еркексіз үйдің болмайды,
Есігі менен бесігі.

Қабағы мұздай қарытар,
Жанары тұздай жанытар.
Еңсеңді солар көтерер,
Еліңді солар танытар.

Бағыңды *байлап* ашасың,
Жұпарың соған шашасың.
Әйелдің күні еркекпен,
Еркектер мәңгі жасасын!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
асылзат арыстанбек Жүрсін ЕРМАНША стихи на казахском өлең олен казакша, асылзат арыстанбек өлеңдері, асылзат арыстанбек стихи на казахском, асылзат арыстанбек олен казакша, Жүрсін ЕРМАНША

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]