Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Автопортре́т)

Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Автопортре́т)

Сөзінің салмағы - алтындай,
Ойының салмағы - қартыңдай.
Мінезі - Меккенің төріндей,
Мұң-шері - базардың нарқындай.

Көздері - көгілдір көктемдей,
Сезімі - жұпарын төккендей.
Қос қабақ қабарса маңдайда,
Қара нар қайғыдан шөккендей.

Жүрегі - жап-жасыл жұмақтай,
Жанары - сөнбейтін шырақтай.
Күлгені - күмістің сыңғыры,
Мүсіні- жараған құр аттай.

Жанына тең келмес ешбірі,
Тәні де тәнті еткен естіні.
Бейнетін жеңетін сабыры,
Бостан-бос өтпейтін бес күні.

Сөйлесе аузынан жыр ұшқан,
Мекені - мерейлі гүлстан.
Адамның барлығы - тамырлас,
Адалдың барлығы - туысқан.

Маңайы - мөлдір су, жасыл бақ,
Қолыңа қондырсаң - тосын бақ.
Әйелдей әуелгі перизат,
Адамды көрсеңдер асылзат -
Сол МЕНМІН!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
асылзат арыстанбек Автопортре́т стихи на казахском өлең олен казакша, асылзат арыстанбек өлеңдері, асылзат арыстанбек стихи на казахском, асылзат арыстанбек олен казакша, Автопортре́т

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]