Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Әйелден ақын шықпайды)

Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Әйелден ақын шықпайды)

Әйелден ақын шықпайды деп,
Әлсіздер жылап-сықтайды деп,
Еркектің ығын ықтайды деп,
Өлсе де өрлік жұқпайды деп,
Жүрсіңдер-ау,
Көрерсіңдер әлі!

Әйел дегенің ақылшы екен деп,
Шетінен бәрі ақын-шешен деп,
Сенің ығыңда жатып өсем деп,
Бибінің бәрі батыл екен деп,
Алдымызға да,
Келерсіңдер әлі!

Әйелдің нағыз пірі едің-ау деп,
Жұлдыздың сен де бірі едің-ау деп,
Қайраңға келіп қайрылдық-ау деп,
Ақыннан нағыз айрылдық-ау деп,
Мен өлгенде
Көмерсіңдер әлі!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
асылзат арыстанбек Әйелден ақын шықпайды стихи на казахском өлең олен казакша, асылзат арыстанбек өлеңдері, асылзат арыстанбек стихи на казахском, асылзат арыстанбек олен казакша, Әйелден ақын шықпайды

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]