Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Әйелден ақын шықпайды)
![Қазақша өлең: Асылзат Арыстанбек (Әйелден ақын шықпайды)](https://www.zharar.com/uploads/posts/2016-04/1462025670_bbce8e00ea4c72055e266b918b87abcb.jpg)
Әйелден ақын шықпайды деп,
Әлсіздер жылап-сықтайды деп,
Еркектің ығын ықтайды деп,
Өлсе де өрлік жұқпайды деп,
Жүрсіңдер-ау,
Көрерсіңдер әлі!
Әйел дегенің ақылшы екен деп,
Шетінен бәрі ақын-шешен деп,
Сенің ығыңда жатып өсем деп,
Бибінің бәрі батыл екен деп,
Алдымызға да,
Келерсіңдер әлі!
Әйелдің нағыз пірі едің-ау деп,
Жұлдыздың сен де бірі едің-ау деп,
Қайраңға келіп қайрылдық-ау деп,
Ақыннан нағыз айрылдық-ау деп,
Мен өлгенде
Көмерсіңдер әлі!
Әлсіздер жылап-сықтайды деп,
Еркектің ығын ықтайды деп,
Өлсе де өрлік жұқпайды деп,
Жүрсіңдер-ау,
Көрерсіңдер әлі!
Әйел дегенің ақылшы екен деп,
Шетінен бәрі ақын-шешен деп,
Сенің ығыңда жатып өсем деп,
Бибінің бәрі батыл екен деп,
Алдымызға да,
Келерсіңдер әлі!
Әйелдің нағыз пірі едің-ау деп,
Жұлдыздың сен де бірі едің-ау деп,
Қайраңға келіп қайрылдық-ау деп,
Ақыннан нағыз айрылдық-ау деп,
Мен өлгенде
Көмерсіңдер әлі!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Іздеп көріңіз: