Қазақша өлең: Шерхан Талап (Аңсар)

Қазақша өлең: Шерхан Талап (Аңсар)

Шексіздікке шырмалған бір шерлі едім,
Сезімі елткен сағымға.
Ең аяулы әнім болдың сен менің,
Әлдилейін жанымда.

Әлди, әлди... алыстағы аңсарлы ән,
Көңіл сенсіз дерттенер.
Бізді қандай тағдыр күтер қарсы алдан?
Сеніміңді сертке бер.

Түндер кештім - нені сездім, не білдім?
Көзім алды байланып.
Ақ бұлттардан нөсер болып төгілдім,
Сағынышқа айналып.

Ой зарығып, үміт алдап бүтін күн,
Жолға қарап жалтақтай.
Жалғыздықтың жанарына жұтылдым,
Қол созарға жан таппай.

Өмірімді шуақ қылған затың нұр,
Сенсіз күннің бәрі мұң.
Түнге сіңіп, тағы адасқан сәтім бұл,
Қайдасың сен, жарығым?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Шерхан Талап Аңсар стихи на казахском өлең олен казакша, Шерхан Талап өлеңдер жинағы, Шерхан Талап стихи на казахском, Шерхан Талап олен казакша, Аңсар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]