Қазақша өлең: Шерхан Талап (Алматыдағы алғашқы өлең)
Ей, Алматы!
Жатсынба баласын қырдың.
Көтерген едім жасымнан наласын жырдың.
Белгісіз жаққа асыққан адамдарыңмен,
Келеді бірге тал түсте адасып жүргім.
Бағым ба, сор ма?
Білмеймін... шақырдың бүгін.
Жүректе күш бар көтерер ғасырдың жүгін.
“Ақын” боламын деп келген “ақымақ ұлға”,
Сыйлыққа тартып жүрмеші пақырдың күнін.
Қорғансызыңды қиында қалқалап көргін.
Жылап жатпайын төсінде шартарап белдің.
Ұсақта - ұсақ тиынды тергізіп қойма,
Құшақта - құшақ арманды арқалап келдім.
Тірілді қайта бейуақта жоғалған арман.
Ескертіп қоймас барыңды тонарда жалған.
Сұлуларыңды көзіме оттай баспашы,
Жан жүрегімнің жартысы Оралда қалған.
Айтса да кеше ауылдың құмдары сырды,
Айтпайды шынын тым жұмбақ, мұндағы құрбы.
Қақсаң да шетке жамбастап жатып аламын,
Алатауыңның қар басқан шыңдары сынды.
Ақынның жолы бұралаң, соқпақ келеді.
Кетпеймін енді қусаң да, боқтап та мені.
Арман қалам - ай, жағамнан жармаса берме,
Ақ Жайық маған: “Қадырды жоқтатпа” - деді...
Жатсынба баласын қырдың.
Көтерген едім жасымнан наласын жырдың.
Белгісіз жаққа асыққан адамдарыңмен,
Келеді бірге тал түсте адасып жүргім.
Бағым ба, сор ма?
Білмеймін... шақырдың бүгін.
Жүректе күш бар көтерер ғасырдың жүгін.
“Ақын” боламын деп келген “ақымақ ұлға”,
Сыйлыққа тартып жүрмеші пақырдың күнін.
Қорғансызыңды қиында қалқалап көргін.
Жылап жатпайын төсінде шартарап белдің.
Ұсақта - ұсақ тиынды тергізіп қойма,
Құшақта - құшақ арманды арқалап келдім.
Тірілді қайта бейуақта жоғалған арман.
Ескертіп қоймас барыңды тонарда жалған.
Сұлуларыңды көзіме оттай баспашы,
Жан жүрегімнің жартысы Оралда қалған.
Айтса да кеше ауылдың құмдары сырды,
Айтпайды шынын тым жұмбақ, мұндағы құрбы.
Қақсаң да шетке жамбастап жатып аламын,
Алатауыңның қар басқан шыңдары сынды.
Ақынның жолы бұралаң, соқпақ келеді.
Кетпеймін енді қусаң да, боқтап та мені.
Арман қалам - ай, жағамнан жармаса берме,
Ақ Жайық маған: “Қадырды жоқтатпа” - деді...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: