Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ауылым)

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ауылым)

Құстарың ерке көлдегі,
Тербейді желің құрақты,
Құйын да тентек, сендегі
Балалық шағым сияқты.
Іздерім қайда құмдағы,
Су алып қайтқан құдықтан.
Алқызыл гүлдер қырдағы
Бантигім шығар ұмытқан.
Баламен сотқар желді күн,
Желбіреп шашым, жарыстым.
Бойжеткен қызбын мен бүгін,
Ол күндер қалды алыс тым.
Сыбдыры таныс талыңның
Сырлас жел, самал, дауылың.
Оралмас балғын шағымның
Белгісі сенсің, ауылым.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
акуштап бактыгереева Ауылым стихи на казахском ақұштап бақтыгереева өлең олен казакша, ақұштап бақтыгереева өлеңдер жинағы, акуштап бактыгереева стихи на казахском, акуштап бактыгереева олен казакша, ауыл туралы өлеңдер, ауыл туралы өлең жолдары, ауыл туралы өлең шумақтар, ауыл туралы олен жолдары, ауыл туралы олен, Ауылым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]