Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ауылым)
Құстарың ерке көлдегі,
Тербейді желің құрақты,
Құйын да тентек, сендегі
Балалық шағым сияқты.
Іздерім қайда құмдағы,
Су алып қайтқан құдықтан.
Алқызыл гүлдер қырдағы
Бантигім шығар ұмытқан.
Баламен сотқар желді күн,
Желбіреп шашым, жарыстым.
Бойжеткен қызбын мен бүгін,
Ол күндер қалды алыс тым.
Сыбдыры таныс талыңның
Сырлас жел, самал, дауылың.
Оралмас балғын шағымның
Белгісі сенсің, ауылым.
Тербейді желің құрақты,
Құйын да тентек, сендегі
Балалық шағым сияқты.
Іздерім қайда құмдағы,
Су алып қайтқан құдықтан.
Алқызыл гүлдер қырдағы
Бантигім шығар ұмытқан.
Баламен сотқар желді күн,
Желбіреп шашым, жарыстым.
Бойжеткен қызбын мен бүгін,
Ол күндер қалды алыс тым.
Сыбдыры таныс талыңның
Сырлас жел, самал, дауылың.
Оралмас балғын шағымның
Белгісі сенсің, ауылым.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ құйын болсаң мені де кет бір тербетіп)
» Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақтүтек)
» Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ Жайық, сенсің әр кез сыйынарым)
» Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ерке өстім, көргенім жоқ азап кешіп)
» Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Аңғармай өң мен түстің не екенін де)

Іздеп көріңіз: