Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ерке өстім, көргенім жоқ азап кешіп)
Ерке өстім, көргенім жоқ азап кешіп.
Тіршілік, өмір заңы ғажап нешік.
Бір кезде маған жайлы орын болды-ау,
Бір қолмен тербететін қазақ бесік.
Бесіктен өзің едің шешіп алған,
Қызыңның болып еді өсуі арман.
Бір кезде құндағыңа сыйған сәби
Үйіңе сыймай кетсем, кешір, анам.
Тіршілік, өмір заңы ғажап нешік.
Бір кезде маған жайлы орын болды-ау,
Бір қолмен тербететін қазақ бесік.
Бесіктен өзің едің шешіп алған,
Қызыңның болып еді өсуі арман.
Бір кезде құндағыңа сыйған сәби
Үйіңе сыймай кетсем, кешір, анам.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: