Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын)

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын)

Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын,
Ойлардан Жайық жайлы айықпаймын.
Даданың жанарынан мұң байқасам
Айдында ескегі жоқ қайықтаймын.
Не болмақ нәр татпаса шынар шыбық,
Қураса тамыры гүл сынар шіріп,
Табиғат қарғысына ұшыраған
Жағада - үш жыл бойы қуаңшылық.
Сан алуан адамдардың кеселі де,
Қазақтың
Әр кез соры бес елі ме?
Жетсе,
Егер құдіретім туған жердің
Айналып кетер едім нөсеріне.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
акуштап бактыгереева Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын стихи на казахском ақұштап бақтыгереева өлең олен казакша, ақұштап бақтыгереева өлеңдер жинағы, акуштап бактыгереева стихи на казахском, акуштап бактыгереева олен казакша, Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]