Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Асыл арман)

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Асыл арман)

Қашан да жеткізбеген асыл арман.
Тұрмаған бақыт құшақ ашып алдан.
Өмірге нағыз ғашық болғандардың
Қайғысы қуаныштан басым болған.
Қашан да жеткізбеген асыл арман.
Тұрмаған бақыт құшақ ашып алдан.
Өмірге нағыз ғашық болғандардың
Қайғысы қуаныштан басым болған.
Тайғанап шыққан шыңның асқарынан,
Көп төніп нөсер бұлты аспанынан,
Әділет жолындағы күрескердің
Дұшпаны артық болған достарынан.
Қайсарды жетелесе үміт тұнық,
Жолынан тайдырмаған күдіктілік.
Маңдайын соқса да олар қара тасқа
Қарсы алған келер таңын күліп тұрып.
Болмаса лаулап жанар жанында от
Осалды жығып кетер дауыл да көп.
Жүрексіз жасықтарға оңай - өмір,
Олардың досы да жоқ, жауы да жоқ.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
акуштап бактыгереева Асыл арман стихи на казахском ақұштап бақтыгереева өлең олен казакша, ақұштап бақтыгереева өлеңдер жинағы, акуштап бактыгереева стихи на казахском, акуштап бактыгереева олен казакша, Асыл арман, арман туралы өлең жолдары, арман туралы өлеңдер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]