Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Аңшының зары)

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Аңшының зары)

Бала жастан бірге ойнап-күліпті,
Құмға шықса бірге қазған құдықты.
Бір ауылда татулығы аңыздай
Ағайынды екі жігіт тұрыпты.
Бірге көнген жоққа да олар, барға да,
Татулығын айтыпты ел таңдана.
Тойға да олар бір-бірінсіз бармаған,
Шығады екен бірге екеуі аңға да.
Тастай салып бағып жүрген жылқыны,
Сол екеуі аңға аттанған бір күні.
Ақмаралдың ізін кесіп үлкені,
Ал кішісі қуып кеткен түлкіні.
Бір көрініп, құйрығымен бір алдап,
Бояуымен, қулығымен мың арбап,
Қызыл түлкі кішісіне, әйтеуір
Кетті ұстатпай олай-бұлай былаңдап.
Түлкі кетті алдап тастап, аулаққа,
Оңайлықпен ілінер ме ол қармаққа.
Енді інісі іздемек боп ағасын
Аттың басын бұра шапты тау жаққа.
Бір шатқалға енген бойы осы еді,
Бұл тауда бұлт астаң-кестең көшеді.
Ә дегенше төбесінен жігіттің
Шағын бұлттың төкті өткінші нөсері.
Шап-шағын бұлт жауды келіп есіріп,
Жігіт қойды қалдым-ау деп кешігіп.
Бұлыңғырлау сулы көзбен қараса
Қарсы алдында жатыр марал көсіліп.
Ойланбастан, қарамастан оқ алды,
Сүрткен де жоқ жауын жуған жанарды.
Көз ілеспес жылдамдықпен жас жігіт
Көздеместен атып салды маралды.
Осылай деп мергендік пен ер ісі,
Осы ғой деп аңшылықтың жемісі,
Жетіп келсе мүның атып алғаны
О ғажайып, сойған марал терісі.
Ойламаған қателікті қарашы,
Ажалдың да жеткен жері шамасы,
Сойған марал терісінің астында
Өліп жатты дәл өзінің ағасы.
Еңіреумен әзер жиды ер есін,
Тауға қонды, елге келіп не десін.
Ойлап-ойлап, келесі күн сол тауға
Жерлеп қайтты ағасының денесін.
(Бір-ақ күнде ошақ басын ойрандап,
Бір-ақ күнде таясың-ау қайран бақ.)
- Тентегім-ау, келдің бе? - деп алдынан
Асыл жеңге шыға келсін жайраңдап.
Жігіт састы, жұмған аузын ашпады,
Мінезінен секем алды жас-кәрі.
Сонда ол қолға домбыраны алды да
Мұнлы күйді күңірентіп бастады.
...Мұндай халді айтар дана болды ма,
Өткен күндер жазылмастан қалды ма?
Қасіретін қалдың сақтап халықтың,
Қос шегіңнен айналайын, Домбыра!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
акуштап бактыгереева Аңшының зары стихи на казахском ақұштап бақтыгереева өлең олен казакша, ақұштап бақтыгереева өлеңдер жинағы, акуштап бактыгереева стихи на казахском, акуштап бактыгереева олен казакша, Аңшының зары, аңшы туралы өлең

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]