Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ана жүрегі)

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ана жүрегі)

Махаббат, сені қиын жырлау бүгін,
Сен жайлы жоқ-бар деген жүр даулы ұғым.
Болды екен қанша ғұмыр саған қарыз,
Болды екен қанша ғұмыр құрбандығың?
Ән болдың таңдайдан бал тамызғанша,
Мұң болдың көзден жасты ағызғанша.
Мәңгі жас сен жайында дастан бар-ау,
Мәңгі өлмес сен туралы аңыз қанша?!
Махаббат, сені қиын жырлау бүгін,
Сен жайлы жоқ-бар деген жүр даулы ұғым.
Болды екен қанша ғұмыр саған қарыз,
Болды екен қанша ғұмыр құрбандығың?
Ән болдың таңдайдан бал тамызғанша,
Мұң болдың көзден жасты ағызғанша.
Мәңгі жас сен жайында дастан бар-ау,
Мәңгі өлмес сен туралы аңыз қанша?!
Жалындап жас жүректің бар қызуы,
Жастықтың басталғанда бал қызығы,
Ертеде сұлу қызға болған ғашық
Ананың әлпештеген жалғыз ұлы.
Сол қызға жолығатын батыл әлгі
Бір күндер төсек тартып жатып алды.
Ұйқыға кетсе шошып аласұрып,
Анасын айқай салып шақырады.
Гүл өңі алау тартып жайқалмайды,
Сауығу мынау халден байқалмайды.
Ол бірақ ішін өртеп жатқан жайды
Ашылып анасына айта алмайды.
Қыз атын айтса ауыздан зар шығыпты,
Құс жастық аққан жасқа малшыныпты,
Дертіне сағыныштың шыдай алмай,
Жас жігіт құр сүлдер боп таусылыпты.
Қинады қыздың шарты, бөлек екен
О сұлу, неткен қатал керемет ең?!
«Анаңның жүрегін ап келген күні
Мен саған жар боламын», - деген екен.
Сол қызға есі ауған жігіт мүлде,
Бүк түсіп жата алмады құрып күнде.
Ұйқыда бейқам жатқан сорлы ананың
Жүрегін жұлып алды тұрып түнде.
Сүюдің серті ме еді соның бәрі,
Ол міне, қыздың шартын орындады,
Сүрініп кетсе жігіт келе жатып,
Жүрегі түсіп кеткен қолындағы.
Ананың кезі бар ма кекті болған
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.
Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек
«Құлыным, байқасаңшы», - депті оған...
Осындай аңыз қалған халық ішінде,
Кім білсін махаббаттың даңқы үшін бе?
Болмаса жоқ нәрсені болғыз дейтін
Қыз кездің тәкаппарлық салты үшін бе?
Осы аңыз естігенге қатал-ақ тым.
Дәстүрге қарсы анадан бата алатын,
Кім білсін дәлелдеуге шығарды ма,
Ананың айнымайтын махаббатын?
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
акуштап бактыгереева Ана жүрегі стихи на казахском ақұштап бақтыгереева өлең олен казакша, ақұштап бақтыгереева өлеңдер жинағы, акуштап бактыгереева стихи на казахском, акуштап бактыгереева олен казакша, Ана жүрегі, ана туралы өлең жолдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]