Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Алыстық жолы араның)

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Алыстық жолы араның)

Алыстық жолы араның
Қалды ма бөгеп қапыда?
Кешігіп жетті хабарың
Жолдаған менің атыма.
Хат алдым, бойдан әл кетті,
Қайдан күш тауып оқырмын.
Ашпастан аппақ конвертті
Баурыма басып отырдым.
Қинаса керек шын зарлық,
Мөлдіреп көзден жас тамды.
Өзіңе деген іңкәрлік
Осы бір сәттен басталды.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
акуштап бактыгереева Алыстық жолы араның стихи на казахском ақұштап бақтыгереева өлең олен казакша, ақұштап бақтыгереева өлеңдер жинағы, акуштап бактыгереева стихи на казахском, акуштап бактыгереева олен казакша, Алыстық жолы араның

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]