Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақжайық арнаға түс арындама)

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақжайық арнаға түс арындама)

Ақ жайық, арнаға түс арындама
Ару Жайық, ерке өзен, сабырлағын,
Бұл көктемде сен неге арындадың?
Құм мен тастан өрілген жарқабаққа
Ғажап болды-ау осынша бағынбауың.
Жайсаң қызға ел сені тең деп еді,
Мінезіңді адуын көрмеп еді.
Әлде сенің жанынды қинады ма,
Жарты ғасыр Нарынның шөлдегені.
Табиғатқа, тағдырға бағындың да,
Қыста ұйықтадың мүз көрпе жамылдың да.
Ақ айдынға аққулар еркелейтін,
Бір дәуренді өзің де сағындың ба?
Суың-кәусөр, өзің-нәр, ақылдысың,
Бары анық бойыңда батыл күштің.
Егеменді елге өзен болғаныңа
Асып-тасып қуанып жатырмысың?
Қазір саған құлаштап жүзе алар кім,
Неге сонша арнаңцы бұза-жардың?
Бәлкім сенің өмірде бар-жоғынды
Елемеген жандарға ызаландың.
Түскен талай тасқынның азабына
Дәуір менен тағдырдың мазағына.
Етек-жеңін жинауды сен үйретші
Даландаған даланың қазағына.
Мекендеген жағаңды ырыстылар
Биыл белге бидай мен күріш тұнар.
Тарихы бар, тегі бар өзеннің де
Көрсеткені бір мінез дұрыс шығар.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
акуштап бактыгереева Ақжайық арнаға түс арындама стихи на казахском ақұштап бақтыгереева өлең олен казакша, ақұштап бақтыгереева өлеңдер жинағы, акуштап бактыгереева стихи на казахском, акуштап бактыгереева олен казакша, Ақжайық арнаға түс арындама, ақ жайық туралы өлеңдер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]