Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Айнам қалды)

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Айнам қалды)

Өтеді-ау қай кезде де арманда қыз,
Бүгін біз сол дәстүрді жалғаудамыз.
Болмаса дүниеде сүлу қыздар
Кейінге айтылатын қалмайды аңыз.
Ақбикеш үзатылып барады енді.
Мал берген сүймесе де ала келді.
Алғашқы алау сезім жанған жүрек
Бір кеште шерменде боп қала берді.
Сезімтал еткен тағдыр өнерліні,
Күйші Есжан тойға келді келер күні.
Сол еді-ау қалағаны Ақбикештің
Жігіттің бақ байлады кедейлігі.
Той өтпек Нарын қүмның етегінде,
Қыз кетпек мал бергеннің жетегінде.
Ақбикеш сүратып ап домбырасын
Күй тартты әке үйінен кетерінде.
Жаңа күй тартты сүлу, ойланбады,
Барша жүрт мүңлы әуенге қайран қалды.
Шанағы домбыраның күңіреніп
Дегенді қайталады «айнам қалды».
Дейді қыз: «Айнам қалды, армандамын,
Жүректің кім түсінсін зарланғанын».
Сол кезде күйді Есжан қайталады
Көңілі екеуінің болған мәлім.
Қүдалар мынау жайға секемденді.
«Күйшімен қыз көңілдес екен» деді.
Есжанға қамшы ойнатты осы сәтте
Күйеудің дорекілеу нөкерлері.
Есжанды соқты топас тобыр келіп,
Қыз талды. Күйеу, қүда отыр көріп.
Той тарқап, қызды дереу аттандырды,
Ал, Есжан қалды мәңгі соқыр болып.
Өтеді-ау қай кезде де арманда қыз,
Бүгін біз сол дәстүрді жалғаудамыз.
Болмаса дүниеде сүлу қыздар
Кейінге айтылатын қалмайда аңыз.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
акуштап бактыгереева Айнам қалды стихи на казахском ақұштап бақтыгереева өлең олен казакша, ақұштап бақтыгереева өлеңдер жинағы, акуштап бактыгереева стихи на казахском, акуштап бактыгереева олен казакша, Айнам қалды

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]